- Қазақша
- Русский
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қамысты ауданы білім бөлімінің №1 Қамысты жалпы білім беретін мектебі" КММ


НаБіз сіздерді мектебіміздің ресми сайтында қуанышпен қарсы аламыз.
Сайт біздің оқу орнымыздың қалай өмір сүретінін білгісі келетіндердің барлығына арналған. Ол сайт Сіздер үшін, құрметті Ата-аналар, сүйікті Оқушылар мен мұғалімдер, сайт Қонақтары үшін жасалады.
Біздің мектебіміздегі жылдан жылға өзгеріп келе жатқан нәрселер көп, алайда бір-ақ нәрсе өзгеріссіз қалады: мектеп әуелдегісінше тек балаларға арналған және балалар мен олардың ата-аналарына амандық, сәттілік және қауіпсіздік кеңістігін қамтамасыз етуге тырысады.
Біздің мектебіміз - еңбек пен демалыс, мерекелер мен жұмыс күндері, ең бастысы – жақсы дәстүрлер бар үлкен, сенімді, жылы үй. Педагогтердің, білім алушылар мен олардың ата-аналарының өзара сыйластық пен өзара көмекке негізделген ынтымақтастығы табыстың кепілі болып табылады.
Бұл мекеме - дәстүрлі, жақсы жағынан танытылған нәтижелі оқыту әдістері белсенді түрде қолданылатын мекеме.
Бұл - ерекше, эмоциялық тартымды орта құрылған мектеп. Міне, мектебіміздің мұғалімдері мен оқушылары жалпымектептік мерекелердің, конкурстар мен іс – шаралардың жарқын атмосферасы аясында өмір сүреді.
Біздің мектеп туралы тағы көп нәрсе әңгімелеуге болады. Сайтымыздың беттерінде орналасқан ақпарат біздің мектептің тарихы, дәстүрлері мен құндылықтарымен және оқушыларымыздың оқу- спорт табыстары мен жетістіктерімен танысуға мүмкіндік береді. Біз әрқашан ашықпыз және сайт арқылы біздің ұжыммен қарым-қатынастың жалғасы болуына қуанамыз.
Сіздің мектеп және сайт туралы пікіріңіз біз үшін бәрібір емес. Пікірлер мен тілектеріңізді қалдырыңыз. Біз орынды және қызықты ұсыныстарыңыз мен ескертулеріңізге көңіл аударуға тырысамыз.
Құрметпен, мектеп директоры
Оруджов Намик Иман оглы.
Все новости
Соңғы жаңалықтар
«Дропперлер– алдаудың сыбайластары» тақырыбында прокуратура өкілімен кездесу
10.06.2025

«Келешек мектептері» проекті
10.06.2025

Жасөспірімдерге арналған тренинг: қорқыту – өзіңізді қалай тануға, әрекет етуге және қорғауға болады
10.06.2025

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
10.06.2025

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу аясында оқытушылар мен студенттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады
10.06.2025
