Тәрбие жұмысы

Тәрбие жұмысы

Мектептің тәрбие жұмысының тақырыбы: «рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық және құқықтық ағартуда өзін-өзі жетілдіруге қабілетті, позитивті азаматтық ұстанымы айқын адамгершілік, бастамашыл, дербес, белсенді азаматты тәрбиелеу».

Мақсаты: негізгі жалпы білім беру бағдарламалары негізінде білім алушылар тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыру, қоғамдағы өмірге бейімдеу, кәсіби білім беру бағдарламаларын саналы таңдау және кейіннен игеру үшін негіз жасау, азаматтыққа, еңбексүйгіштікке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, қоршаған табиғатқа, Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани-адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.

 

Тәрбиелік міндеттер:

* Белсенді өмірлік ұстанымдарды, азаматтық сана-сезімді қалыптастыруға, туған мектепке, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге бағытталған адамгершілік құндылықтар негізінде тұлғаны дамыту үшін жағдай жасау;

* Оқушылардың тұлғасын, олардың қызығушылықтарын, ұмтылыстары мен тілектерін зерттеу негізінде балалардың физикалық, зияткерлік, адамгершілік және рухани дамуы үшін жағдай жасау;

* Оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынасын, толеранттылығын, өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру және олардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;

* Оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, сынып және оқушылардың өзін-өзі басқару қызметін дамыту;

* "Тәуекел тобындағы" балалармен жұмысты күшейту

Жұмыс бағыттары:

* Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие;

* Рухани-адамгершілік тәрбие;

* Ұлттық тәрбие;

* Отбасылық тәрбие;

* Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие;

* Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие;

* Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу;

* Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.

 

Жоспар бойынша сынып сағаттары, жиналыстар, іс-шаралар өткізіледі.