11 сынып
11 сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.
11 (12) сынып білім алушылары үшін санитарлық талаптарды сақтай отырып:
1) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан – 2022 жылғы 27 мамыр;
2) қазақ/орыс/ұйғыр/тәжік/өзбек тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2022 жылғы 30 мамыр;
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан – 2022 жылғы 2 маусым;
5) таңдау пәні (Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Дүниежүзі тарихы, Құқық негіздері, Әдебиет, Шет тілі (ағылшын/француз/неміс), Информатика) бойынша жазбаша емтихан - 2022 жылғы 10 маусым.
11 (12) сынып білім алушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары – 2022 жылғы 27 мамыр – 10 маусым аралығы
Ұлттық бірыңғай тестілеу - ҰБТ – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны.
ҰБТ өткізіледі:
· ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушыларына;
· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының ағымдағы жылғы бітірушілеріне;
· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін орта білім беру ұйымдарының өткен жылғы бітірушілері мен техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімнің қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне;
· республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру конкурсына қатысу немесе ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдау үшін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдарға;
· ЖОО-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейінді пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғалар, күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
· ЖОО-ның шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарында оқитын және басқа білім беру бағдарламалары топтарына ауысқысы келетін білім алушылар.
Өткізу формасы: тестілеу.
Өткізілетін орны: ҰБТ өткізу пункттері.
ҰБТ форматы: 5 пән (3 міндетті + 2 бейіндік).
Барлық тест тапсырмалар саны —120.
Тестілеудің жалпы уақыты: 4 сағат (240 минут)
Апелляция: қарастырылған.
ҰБТ бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі