9 сынып

Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:

      9  сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;

      Қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9  сыныптардың білім алушылары жіберіледі.

      Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.

      9  сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) орыс тілі  эссе нысанында жазбаша емтихан:

2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;

3) қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан 

4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.