Парасаттылық сағаты

 Парасаттылық сағаты

2020 жылдың 14 қазанында "Қамысты ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №1 Қамысты орта мектебі" ММ — де "Бауыржан Момышұлы: Ар-намыс және ерлік-батырлық белгілері" тақырыбы бойынша кезекті парасаттылық сағаты өткізілді. Оқушылар Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы туралы бейнероликті тамашалады, ол биыл туғанына 110 жыл толады. Сынып жетекшілері балалармен бірге "батылдық", "адалдық", "табандылық", "құрмет", "шыншылдық", "ар-ождан"сияқты жалпыадамзаттық құндылықтарды талқылады. Өткізілген сынып сағаты азамат пен патриоттың қалыптасуына, өскелең ұрпақтың жеке басының қалыптасуына ықпал етті.