"Тұңғыш Президент Күні"

5" Б " сыныбында (сынып жетекшісі Сейдалина г.С.) сынып сағаты: қр Тұңғыш Президенті Күні өтті. Мақсаты: қазақ халқының көшбасшысы, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә.Назарбаев туралы білімдерін кеңейту. Сабақ әнұранды орындаудан басталды. Мұғалім балаларды Н. Назарбаевтың өмірбаянымен таныстырды. Кейін балалар сұрақтарға жауап берді. "1 желтоқсан-Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні" атты бейнероликті тамашалады. Сабақ соңында "Менің Отаным"коллажы жасалды.