"Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ"
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің бастамасымен 2023 жылғы 8-20 қараша аралығында "қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық науқаны өтеді.
Науқанның мақсаты-ересектер мен балаларды қоса алғанда, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік мәселесі, оның бала мен қоғамға әсері және осы саладағы халықаралық заңнаманың негіздері туралы халықтың хабардарлығын арттыру.
Акция шеңберінде білім беру ұйымдарында балалардың құқықтарын қорғау, оның ішінде зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша өзекті тақырыптарға арналған бірқатар тақырыптық іс-шаралар өткізілетін болады.