"Темекі шегудің зияны және энергетикалық сусындардың ағзаға әсері туралы"
№ 1 Қамысты жалпы білім беретін мектебінде 7-8 сынып оқушыларының аудандық аурухана қызметкерлерімен "темекі шегудің зияны және энергетикалық сусындардың ағзаға әсері туралы"тақырыбы бойынша кездесуі өткізілді. Кездесудің мақсаты: Оқушыларға салауатты өмір салты деген не екендігі туралы түсінік беру; темекі шегу мен энергетикалық сусындардың зияны және оларды тұтынудың денсаулыққа тигізетін әсері туралы хабардар ету; денсаулыққа не ықпал ететіні және зиян келтіретіні туралы қорытынды жасау; оқушылардың осы мәселе бойынша белсенді ұстанымын қалыптастыруға қол жеткізу; темекі шегуге, энергетикалық сусындарды тұтынуға теріс көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салты қажеттіліктері.