"Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі" облыстық кезеңі

17.11.2023 жылы Қостанай қаласында "Инновациялық педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті, оған біздің мектептің педагогтары қатысты: Сейдалина Гүлмира Симбаевна - қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі және Мальцева Анастасия Павловна - химия мұғалімі. Байқау қорытындысы бойынша "шығармашылық бастама" номинациясы бойынша Мальцева Анастасия Павловнаға грамота, "ойын элементтерін тиімді пайдалану" номинациясы бойынша Сейдалина Гүлмира Симбаевнаға грамота табысталды. Әріптестерімізді құттықтаймыз, оларға шығармашылық табыс тілейміз.