"Көктемгі демалыстағы қауіпсіздік ережелері"

Көктемгі демалыс қарсаңында "№1 Қамысты жалпы білім беретін мектебі" КММ-де "көктемгі демалыстағы қауіпсіздік ережелері"тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 1-11 сынып жетекшілері оқушыларға демалыс кезінде олардың қауіпсіздігі мен денсаулығы туралы ұмытпау керектігін еске салды. Балалармен бірге жолдағы қауіпсіз жол қозғалысы ережелері, бейтаныс адамдармен кездескенде өзін қалай ұстау керектігі, үйде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау, өрт қауіпсіздігі, интернет желісіндегі қауіпсіздік ережелері және тағы басқалар талқыланды.