Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу
Бүгін азаматтық құқықтық сана және құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында аудандық прокуратура, аудандық орталық аурухана өкілдерімен және полиция бөлімінің қызметкерлерімен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды. 5-11 сынып оқушыларына қылмыстық және әкімшілік заңнаманың негізгі ұғымдары түсіндірілді,сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылық, қорқыту және жыныстық қол сұғылмаушылық тақырыптары қозғалды.