«Қараша пікірсайыс турнирінің» аудандық кезеңі

23 қараша күні №2 Қамысты орта мектебінде Қостанай облысы әкімінің жүлдесі үшін «Болашақ» облыстық пікірсайыс турниріне іріктеу болып табылатын «Қараша пікірсайыс турнирінің» аудандық кезеңі өтті. Турнирге мектебімізден 2 команда қатысты: «Көшбасшы» (Маковей Кирилл және Ямалтдинова Ангелина), «Дау» (Ерғазинов Нұрали мен Сейдалина Дарина).Пікірсайысқа мектебімізден бөлек аудан мектептерінен 5 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша: 1-орынды «Дайласу» командасы, 2-орынды «Лидер» командасы иеленді. Турнирдің үздік спикерлері болып Сейдалина Дарина мен Ямалтдинова Ангелина танылды. Облыстық дебюттік турнирге мектебіміздің командасы қатысады.