Bilim kúnimen!

1 қыркүйекте еліміздің барлық мектептерінде алғашқы мектеп қоңырауы соғылды. Биыл біздің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтеді, сондықтан да алғашқы білім күні осы оқиғаға арналды. 2-11 сыныптарда оқушыларға Қазақстанның тәуелсіздік жылдары қандай жетістіктерге қол жеткізгенін айту мақсатында "Тәуелсіздік жетістіктері" сынып сағаттары өтті. Балалар Тәуелсіздіктің қалыптасуының негізгі кезеңдерін қайталап, туған жерге арналған өлеңдерді оқыды,

викторинаның сұрақтарына қызығушылықпен жауап берді, синквейн құрастырды.