"Халықтар достығы мәңгі тірі"салтанатты жиыны
1 наурызда Қазақстан Республикасында Алғыс айту күні атап өтіледі. Алғыс айту күні-бір-бірін құрметтейтін күн, дәстүр, қайырымдылық, әлеуметтік ынтымақтастық және өзара қолдау күні. Алғыс айту күнін мерекелеу аясында №1 Қамысты жалпы білім беретін мектебінде "Халықтар достығы мәңгі тірі" атты салтанатты жиын өтті, онда мерекенің құрылу тарихы, Қазақстан туралы, достық пен алғыс туралы өлеңдер мен әндер айтылды. Жиын соңында конкурстар мен жарыстардың жүлдегер - оқушылары грамоталармен марапатталды.
Камыстинская общеобразовательная школа # 1 (@kamysty_mektebi1) • Фото и видео в Instagram