"Жаңа жылдық көңіл-күй шеберханасы"тренингі
Мектеп психологтары Гарипова Юлия Галимжановна және Біржанова Айнұр Келденқызы ҚМ аясында педагогтарға "Жаңа жылдық көңіл-күй шеберханасы"атты тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: педагогтердің жалпы жағымды эмоционалдық тонусын және коммуникативтік құзыреттілігін арттыру.
Тренингтің мазмұны негізінен эмоционалды босатуға бағытталған, оның негізгі міндеті позитивті ойлауды қалыптастыру болды (қорытынды жасау және әрбір өмір сүрген күнде позитивті көру қабілетін дамытуға баса назар аударылды).
Жұмыс нәтижесінде мұғалімдер оң заряд пен көтеріңкі көңіл-күйге ие болды.