Мектептің аналар кеңесі аясында эмоционалды интеллект бойынша Тренинг
12 мамырда Қазақстанда "аналар күні" атап өтіледі. Осыған байланысты, аналар мәртебесін нығайту, ана болудың маңыздылығын және қазіргі қазақстандық қоғамдағы аналардың рөлін арттыру мақсатында 10 мамырда "№1 Қамысты жалпы білім беретін мектебі" КММ-де мектептің аналар кеңесі шеңберінде эмоционалды интеллект бойынша тренинг өткізілді. Тренинг әйелге ұқыпты қарау дәстүрін сақтауға, барлық отбасы мүшелерінің эмоционалды әл-ауқатына маңызды рөл берілетін отбасылық негіздерді бекітуге бағытталған.