Туристический лагерь!

13 маусым мен 17 маусым аралығында "жаз-2022" мектеп бағдарламасын жүзеге асыру аясында туристік лагерь ұйымдастырылды. 5-9 сынып аралығындағы 12 бала орман аймағында тұрып, 5 күндік туристік жорық жасады. Балалар шатыр орнату, от жағу, кедергілерді жеңу дағдыларын жетілдірді. Мұғалімдер Дощанов Тимур Куралбаевич-НВ және ТП ұйымдастырушысы, полтаев Артем Иссаевич - география мұғалімі, Мужикова Айнур Сериковна - БӨП тәрбиешісі басшылығымен балалар жорық жағдайында тамақ дайындауды, жергілікті жерді бағдарлауды үйренді, жергілікті жердің флорасы мен фаунасын зерттеді. Аудан әкімінің орынбасары Сәкен Мұхтарұлы Сейдалинге туристік лагерьді ұйымдастыруға көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін алғысымызды білдіреміз.