Викторина

25 қазанда жаратылыстану-математикалық пәндер онкүндігі аясында химия пәнінің мұғалімі Мальцева А.П. және биология пәнінің мұғалімі Усманова И.А. 7 «А» және 8 «Б» сынып оқушылары үшін «Қиылыс» ойын-сауық викторинасын өткізді. Викторина барысында балалар теориялық сұрақтарға ынтамен жауап беріп, практикалық тапсырмаларды орындады. Викторинаның шағын ұпаймен 7 «А» сынып оқушылары жеңімпаз атанды.