Еңбек күні!

Мемлекетіміздің Тұңғыш Президенті 2013 жылы елімізде Еңбек күнін мерекелеу бастамасын көтерді. Кейін ел Үкіметінің Қаулысымен мерекелік күндер тізіміне жаңа мереке енгізіліп, оны тойлау уақыты белгіленді. Еңбек адамының рөлі әрқашан және кез-келген қоғамда маңызды. Азаматтардың жұмысы елдің даму деңгейін анықтайды және әр отбасының әл-ауқатын, адамның дамуын қамтамасыз ететін шешуші фактор болып саналады. Біздің мектеп шетте қалған жоқ. Мектептің барлық техникалық қызметкерлері үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды, онда басты қатысушылар мектеп оқушылары болды.

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Е. М. Довгополова, мектеп кәсіподағының төрайымы Д. А. Альбекова жиналғандарға құттықтау және алғыс сөздерін айтты. Кәсіптік одақ қызметіне қосқан үлесі үшін "Қостанай облысының Білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы" ҚБ "білім қызметкерлерінің кәсіптік одағының Қамысты аудандық ұйымы" филиалы төрағасының грамотасымен және ақшалай сыйақымен қызметтік үй-жайларды жинаушылар В. Р. Оцебрик пен М. Л. Мещерина марапатталды.

Мерекелік концерттің барлық қатысушыларына тәтті сыйлықтар берілді.