"Бақытты және қауіпсіз балалық шақ"
Қамысты ауданының прокуратурасы полиция бөлімімен бірлесіп «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында Қамысты ауылының №1 мектебінің 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді, барлығы 132 адам.
Кездесу барысында есірткі қылмыстарын, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды, жалған терроризмді, буллингті, бопсалауды, интернет-алаяқтықты жасаудың құқықтық салдары түсіндірілді, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері қозғалды.
Қостанай қаласында синтетикалық есірткіні таратумен айналысатын колледждің 2 студентіне қатысты есірткіні қолданудың зияны және көрсету процесі туралы бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу соңында оқушылармен сұрақтар қойылып, оларға прокуратура мен полиция бөлімінің қызметкерлері жауап берді.