"Қазақ есебі"республикалық челленджіне қатысу
"Тоғыз ай – 9 іс-шара" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде сыни және креативті ойлауды дамыту мақсатында "Қамысты ауданының білім бөлімінің №1 Қамысты жалпы білім беретін мектебі" КММ 7-8 сынып оқушылары математикалық есептерді шешуге арналған "Қазақ есебі" республикалық челленджіне қатысты. Балалар олимпиадалық есептерді шешуге бар күш-жігерін салып, математикалық дағдыларын көрсетті. Олимпиада қорытындысы бойынша: 7 сынып арасында: 3 оқушы 1 орынды, 2 оқушы 2 орынды, 12 оқушы 3 орынды, 8 сынып арасында: 9 оқушы 1 орынды, 6 оқушы 2 орынды, 13 оқушы 3 орынды иеленді. Жеңімпаздарға грамоталар, ал барлық қатысушыларға олимпиадаға қатысқаны үшін сертификаттар табысталды.
Біз балаларды жеңістерімен құттықтаймыз!