Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған "Своя игра" викторинасы

 Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Тарих стандарттары бойынша 30 жыл – бұл бір сәт. Алайда, көптеген халықтар үшін бұл кезең қиындықтар мен жеңістерге, дағдарыстар мен жетістіктерге толы бүкіл дәуірді қамтыды. Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдыққа бөлуге болады. Осы кезеңдердің әрқайсысының өзіндік тарихи маңызы бар. Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау уақыты деп белгілеуге болады. Екінші онжылдық – мемлекеттілігіміздің көкжиегін кеңейту кезеңі. Үшінші онжылдықта біз өз дамуымызда одан да үлкен биіктерге жеттік.

8 желтоқсан күні Қамысты №1 жалпы білім беретін мектебінде патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, Қазақстан халқының тарихи өткені, бүгінгі және жарқын болашағы үшін мақтанышқа тәрбиелеу мақсатында "Своя игра" атты зияткерлік викторина өтті. Бұл викторинаға  5-сынып оқушылары қатысты. Іс-шараны ұйымдастырушы аға тәлімгер Тартынская Е.С. Қазақстанның құрылуы мен қалыптасуының тарихи кезеңдері туралы қысқаша айтып берді. Одан кейін балалар Қазақстан тарихы бойынша сұрақтарға жауап берді, танымдық сипаттағы тапсырмаларды орындады (Қазақстан туралы өлең жазды, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндірді). Іс-шара барысында балалар біздің республикамыздың басты мерекелері, Мемлекеттік рәміздер, қазақ халқының салт-дәстүрлері және Қазақстанның көрікті жерлері туралы білімдерін көрсетті. Викторина қорытындысы бойынша 5 "Б" сынып оқушылары 1 орынды иеленді (сынып жетекшісі Сейдалина Г.С.), 2 орын – 5 "А" сынып (сынып жетекшісі  Дощанова Р.А.), 3 орын – 5 "В" сынып (сынып жетекшісі  Итесова Д. Т.).